«Тексерудің стандартты файлға қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 567 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 3 қарашадағы № 740 бұйрығы

«Тексерудің стандартты файлға қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 567 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 3 қарашадағы № 740 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тексерудің стандартты файлға қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 567 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37055 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Тексерудің стандартты файлына қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«

Қазақстан Реcпубликасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 3 қазандағы

№ 567 бұйрығына

1-қосымша

»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексерудің стандартты файлына қойылатын талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«

Қазақстан Реcпубликасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 3 қазандағы

№ 567 бұйрығына

2-қосымша

»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стандартты тексеру файлын жасау және ұсыну қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тексерудің стандартты файлын салық төлеуші (салық агенті) бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу кезінде салық төлеушіде (салық агентінде) бар «xml», «xlsx» форматында қағаз және (немесе) цифрлық жеткізгіштерде жасайды.»;

осы қағидаларға 2-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.